среда, 2 марта 2016 г.

Kerekinfo бізге керек



Қайырлы күн, достарым! Қалдарыңыз қалай? Мен шаршап, сабақтарды оқып үлгере алмай отырған жайым бар. Құдааай ау, мына аралық бақылаулар тез бітсе екен. 
Ал енді, тақырыпқа көшейік. Бұл блогтағы жазбаны kerekinfo.kz сайтына арнайтын боламын. "Жаңа медиа" сабағы болмаса, бұл сайттың бар екенін білмейтін едім. Жаңа сайтқа кіріп, қарап шықтым. Әрине, тез ұғына алмадым, сайттың дизайны көңілімнен шықпады. Түсініксіз тұстары өте көп екен. Бірақ оқып, түсінуге тырыстым. Бұл сайттағы неше түрлі тақырыптарға жазылған блогтар мені таң қалдырды. Кейбір жазбаларға қарап, күліп те алдым. Мысалы "не ішеміз? ішкіштер, алқаштар қауымдастығы",  деген бар екен. 
Өзіме ұнаған блог "мен ұсынатын үш ән". Бұл блогты Bizbike деген никпен тіркелген қолданушы жүргізеді екен. Өзім музыкамен айналысатын болғасын, бұл блог мен үшін ерекше қызық болды. Мен әрқашан жаңа әуендерге ізденісте жүремін. Ал бұл блогтағы жазбалардың арқасында неше түрлі әндерді көріп, олар жайлы пікірлер көріп, тыңдасаңыз болады. Музыка сүйер қауым үшін таптырмас блог. Жазбада әнге деген пікірмен қоса, бейнебаянды да қойып қояды. Қолданушылар бұл бейнебаяндар мен әндерді қызу талқылайды. Жаңа бұл блогты қарап отырып, көптеген керемет қазақша әндер тауып алдым. Енді соларды тыңдап, мәәәз болып отырмын. Рахмет "жаңа медиа" сабағы :)

вторник, 1 марта 2016 г.

Қазағымның өнері жасасын!

Сәлем, менің оқырмандарым! 
Университетте болған бір жағдайды айтып берейін сіздерге. Біздің СДУ-да жоғары курста оқитын ұзын шашты, шолпы тағып жүретін және қазақи киім киетін қыз бар. Оны бірінші рет көргенде мен: "не деген қазақилық, дәстүрге не деген махаббат" деп өте риза болдым. Бірақ бір күні ол қыз асханада отырғанда, құрбысымен айтып отырған әңгімесін байқаусыздан естіп қалдым. Екеуі қазақ әндерін талқыға салып отыр екен. "Қазақи қыз" орысша тілде : "фу что за казахские песни? терпеть не могу" дегенде, мен бір таң қалып қалдым. 
Білмеймін осы қазақи өнерді менсінбейтін мәңгүрттерді естісем, қаным қайнайды. "Төреғали Төреәлі, Қайрат Нұртас, Роза Әлқожа, МұзАрт? фуу мамбетизм" деп айтатындарды көрсем, шыдамай қызу талқыға түсетін әдетім бар. Ай сорлы қазағым-ай, қашан өз тіліңмен, өз өнеріңмен мақтанасын? Сол әндерді ағылшынша басқа шет елдік әнщі орындаса, тыңдар еді ғой. Ал қазіргі жастардың санасында қазақша ән-бұл ұят. Шыны керек туған тіліндегі музыканы тыңдауға ұялатын жастарымыз көбейіп жатыр. Тіпті қазақша сөйлеуге де арланып, орысша сөйлесем "крутой" боламын деп қалыптасқан пікір бар десем де болады.  
Қазағым, өзіміздің өнерімізді көтермесек, дамытпасақ басқа кім жасайды? Қазақтың әні қазаққа ғана керек. "Шоу бизнес, музыка, кино дамымаған" дейді көбісі. Бірақ сол салаларды дамытатын жандардың бірі - өздеріңіз. Біздің әншілер, композиторлар, әртістер сіздердің қызығушылықтарыңызды көріп, шабыттанады емеспе. Халқымыздың абыройын түсірмей, керісінше өнерімізді бағалап, бір бірімізді көтеріңкіреп жүрсек керемет болар еді.
Абай атамыз айтқандай: "Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос". Шынымен, барлығымыз бірігіп еліміздің дамуына үлес қосуымыз керек. Қарап отырсам, біз бір-бірімізді қаншалықты сыйлаймыз? Сыйластық азайып бара жатырған секілді. 
Өнерімізді қолдайық, туған жеріміздің болашағына үлес қосайық.