вторник, 1 марта 2016 г.

Қазағымның өнері жасасын!

Сәлем, менің оқырмандарым! 
Университетте болған бір жағдайды айтып берейін сіздерге. Біздің СДУ-да жоғары курста оқитын ұзын шашты, шолпы тағып жүретін және қазақи киім киетін қыз бар. Оны бірінші рет көргенде мен: "не деген қазақилық, дәстүрге не деген махаббат" деп өте риза болдым. Бірақ бір күні ол қыз асханада отырғанда, құрбысымен айтып отырған әңгімесін байқаусыздан естіп қалдым. Екеуі қазақ әндерін талқыға салып отыр екен. "Қазақи қыз" орысша тілде : "фу что за казахские песни? терпеть не могу" дегенде, мен бір таң қалып қалдым. 
Білмеймін осы қазақи өнерді менсінбейтін мәңгүрттерді естісем, қаным қайнайды. "Төреғали Төреәлі, Қайрат Нұртас, Роза Әлқожа, МұзАрт? фуу мамбетизм" деп айтатындарды көрсем, шыдамай қызу талқыға түсетін әдетім бар. Ай сорлы қазағым-ай, қашан өз тіліңмен, өз өнеріңмен мақтанасын? Сол әндерді ағылшынша басқа шет елдік әнщі орындаса, тыңдар еді ғой. Ал қазіргі жастардың санасында қазақша ән-бұл ұят. Шыны керек туған тіліндегі музыканы тыңдауға ұялатын жастарымыз көбейіп жатыр. Тіпті қазақша сөйлеуге де арланып, орысша сөйлесем "крутой" боламын деп қалыптасқан пікір бар десем де болады.  
Қазағым, өзіміздің өнерімізді көтермесек, дамытпасақ басқа кім жасайды? Қазақтың әні қазаққа ғана керек. "Шоу бизнес, музыка, кино дамымаған" дейді көбісі. Бірақ сол салаларды дамытатын жандардың бірі - өздеріңіз. Біздің әншілер, композиторлар, әртістер сіздердің қызығушылықтарыңызды көріп, шабыттанады емеспе. Халқымыздың абыройын түсірмей, керісінше өнерімізді бағалап, бір бірімізді көтеріңкіреп жүрсек керемет болар еді.
Абай атамыз айтқандай: "Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос". Шынымен, барлығымыз бірігіп еліміздің дамуына үлес қосуымыз керек. Қарап отырсам, біз бір-бірімізді қаншалықты сыйлаймыз? Сыйластық азайып бара жатырған секілді. 
Өнерімізді қолдайық, туған жеріміздің болашағына үлес қосайық. 

Комментариев нет:

Отправить комментарий